Get Adobe Flash player

 ruEng

+7 (727) 386-40-01

SKY TECH авиа-техникалық орталығының негізі 2007 жылы қаланған. Осы уақыт аралығында SKY TECH Қазақстан Республикасының нарығында батыста жасап шығарылған авиалық техникаларға қызмет көрсететін бірінші сертификатталған орталық болды. SKY TECH ұйымының қызметі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авияция комитетімен берілген сертификат негізінде жүргізіледі. SKY TECH компаниясы Eurocopter, Bell Helicopter және TURBOMECA Group Safran секілді әлемдік өндірушілермен мақұлданған.

SKY TECH толық авиа-техникалық сүйемелдеу және әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бақылауды, қосалқы бөлшектерді және майлайтын материалдарды Қазақстанның барлық аудандарына жеткізуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының территориясында, және де шет мемлекеттерде әуе кемесін сату немесе сатып алу барысында кеңес беру қызметін жүзеге асырады.